Ең үлкен бауырсақ – Қарағандыда

Ең үлкен бауырсақ – Қарағандыда

Қарағанды облысындағы ҚАЖД АК-159/20 мекемесінің қызметкерлері мен соттал­ған­дар ең үлкен бауырсақ әзірледі.

Наурыз мерекесі қарсаңында сотталғандар АК-159/20 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің әкімшілігіне ең үлкен бауырсақ дайын­дау туралы ұсыныс білдірген. Басшылық пен жеке құрам соттал­ған­дардың идеясын қолдап, да­йындау үшін барлық қажетті зат­тарын беріпті. «Мегабауырсақ» үшін  8 келі ұн, 80 грамм ашытқы, 10 литр күнбағыс майы, тұз және су жұмсалған. Бауырсақты дауындауға қазан мен май керек. Мұндай үлкен тағамды дайындау көп қиындық тудырды. Ыстық майға салынған қамыр тек сыртынан қуырылып, ішінен шикі болып қалды. Төрт сәтсіз сынақтан кейін айла жасауға тура келіпті. Сәл жұқалап иленген қамыр металл контейнерге тартылып, үс­тінен ыстық май құйылды. Алынған жартылай сфера тәріздес піскен нан шикі қамырмен бекітіліп, қайтадан қуырылды. Дәстүрлі тағам ретінде әзірленген «мегабауырсақ» барлық жағынан қуырылған және іші бос болып шықты. Оның диаметрі 120 сантиметр, салмағы үш келіден сәл асады. «Ұлттық тағам дайындау сот­талғандарға үй атмосферасын және көктемгі Наурыз мерекесін сезінуге мүмкіндік берді», – деді тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Алтынгүл Мизамбекқызы. Дайын­дал­ған «мегабауырсақ» жеуге жарам­ды болып шықты, іс-шара соңында кез келген адам оның бір бөлігін бөліп жеп, дәмін татты.

А. БЕКТҰР