Жедел жәрдем шақырған ер адам фельдшердің қолын сындырған
Жедел жәрдем шақырған ер адам фельдшердің қолын сындырған
426
оқылды

Жедел жәрдемді Райымбек ауылында тұратын ерлі-зайыпты шақырған. Дәрігер әйелден қан кетіп жатқанын байқап, науқасты бірден ауруханаға жеткізу үшін көлікке отырғызған, – деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал жедел жәрдем көлігінің ішінде науқастың күйеуі фельдшерге дөрекі сөйлеп, ішімдік ішпек болған. Дәрігердің ескертуіне қатты ашуланып, жұдырық ала жөнелген. Фельдшердің қолы сынып, түрлі дене жарақатын алған. Жәбір көрген дәрігер шақыртуға уақытылы келдік дейді.

«Науқастың күйеуі ұрды. Тепті, соққысы қолыма тиді. Ол ер кісі жүргізушіге де шабуыл жасады»,– деді фельдшер Ислам Қуандықов.

Оқиғаға байланысты Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек: «Райымбек ауылының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды. Медициналық сараптама оның орта дәрежедегі масаң күйде болғанын көрсетті. Жәбірленуші Қарасай аудандық полиция басқармасына арыз берген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,– деді.

Бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында да дәрігерді марқұмның ұлы ұрғаны анықталған болатын.