Үш облыста жол жабық
Үш облыста жол жабық
Ақтөбе облысы Жүк және қоғамдық көліктер үшін: 1. «Самара-Шымкент» автожолының 526-710 шақырымы. Атап айтқанда, БҚО шекарасы мен Құршасай ауылының аралығындағы учаске. Автокөліктің барлық түрлері үшін: 2. «Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-257 шақырымы, яғни Қандыағаш пен Шалқар қалаларының аралығындағы учаске. 3. «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 100-180 шақырымы, яғни Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаске. 4. «Ақтөбе-РФ шекарасы» автожолының 39-136 шақырымы, яғни Ш.Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. 5. «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39 шақырым аралығындағы учаске. 6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 12-100 шақырымы, яғни Ақтөбе мен Қандыағаш қалаларының аралығындағы учаске. 7. «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 180-250 шақырымы, яғни Шұбарқұдық және Қарауылкелді ауылдарының аралығындағы учаске. 8. «Самара-Шымкент» автожолының 776-1153 шақырымы, яғни Белогорка ауылы мен КЭШИ айрығы аралығындағы учаске. Батыс Қазақстан облысы Жүк және қоғамдық көліктер үшін: 1. «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, яғни Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығындағы учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді. Алматы облысында Көліктің барлық түріне: 1. «Үшарал-Достық» автожолының 83-184 шақырым аралығы, яғни Көктума станциясы – Достық станциясы аралығындағы учаске (жолды «Автодор» НС» реконструкциялауда).