Қазақстанда табысы күнкөрісіне жетпейтін кедей көбейді

Қазақстанда табысы күнкөрісіне жетпейтін кедей көбейді

Былтыр үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтіндердің үлесі 4,6% болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.

Былтыр кедейліктің шегі Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында тіркелген. Ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%).   [caption id="attachment_121150" align="aligncenter" > Фото: stat.gov.kz[/caption]

Халық шығыны бойынша келесі статистикада азық-түлікке:

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 15 978 теңге; – халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 75 535 теңге жұмсаған.

Азық-түлік емес тауарларға:

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 5 449 теңге; – халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 43 539 теңге жұмсаған.   [caption id="attachment_121151" align="aligncenter" > Фото: stat.gov.kz[/caption]

Ақылы қызметтерге:

– халықтың ең аз қамтамасыз етілген 10 пайызы – 4 148 теңге; – халықтың ең көп қамтамасыз етілген 10 пайызы 22 718 теңге жұмсаған.