Шығыста жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылады
Шығыста жүк көліктерінің жүруіне уақытша шектеу қойылады

Атап айтқанда, биыл 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ШҚО-ның республикалық маңызы бар жолдарында 8 тоннадан ауыр жүгі бар автокөліктердің қозғалысы үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Себебі, «ҚазАвтоЖолдың» филиалы тиісті тыйым салу белгілерін орнатады. Мұндай шектеулер жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде болады. Бұл талап төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатындарға қойылмайды. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмек тасымалдайтын халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушылар тасымалдайтындарға қолданылмайды.

Ауыр жүк таситын көлік жүргізушілері енгізілген шектеулерді ескере отырып, бағыт-бағдарын алдын ала айқындап алуы керек.