Қазақстанда алтын мен күмістен жасалған 1000 теңгелік монета шығады
Қазақстанда алтын мен күмістен жасалған 1000 теңгелік монета шығады
192
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкі құрамында алтыны бар күмістен жасалған номиналы 1000 теңгелік «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен «Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталарын шығарады.

Номиналы  – 1 000 теңгелік, жалпы массасы – 62,2 грамм , 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 46,2 грамм , құрамдас бөлігі 999/1000 сынамалы алтыннан, массасы – 16 грамм , «proof» дайындау сапасымен, диаметрі 50 мм монеталар 1 000 дана таралыммен дайындалған. Монеталарды төлем жасауға, айырбастауға болады. Монеталар кәдесый орамында шығарылады. Қазақ орыс, ағылшын тілінде Қазақстан Ұлттық банкінің нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Монеталар сатылымға шығатын уақыт Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.