Екі жыл бойы әйелдерді сан соқтырған алаяқ ұсталды
Екі жыл бойы әйелдерді сан соқтырған алаяқ ұсталды
124
оқылды

Күдікті интернет арқылы алаяқтық жолмен 36 адамды сан соқтырған. Алаяқ азаматша  екі жыл бойы  Instagram-да әйелдерге арналған киімдерді сату жарнамасымен тұрғындардың қаржысын заңсыз иемденіп  отырған.

Көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Тараз, Шымкент, және Қызылорда қалаларының азаматшалары алданған. Тараз қаласы  Полиция басқармасының  тергеушісі Үсен Смайыловтың кәсіби  біліктілігінің  нәтижесінде  алаяқтың кінәсін дәлелдейтін  бұлтартпас деректер жиналған. Интернеттегі күдікті алаяқтың әрекеттері ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сараланады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейді.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы