Шығыс Қазақстанда 48 оқушы мектепте уланған
Шығыс Қазақстанда 48 оқушы мектепте уланған

Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінде оқушылардың жаппай дене қызуы көтерілген. Лоқсып, іші өткен. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы хабарлады.

Кеше кешке 48 бала өзін нашар сезінген, оның 19-ы Өскемендегі Ана мен бала орталығына жіберілді.

«Алдын ала диагноз – жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирустық инфекция. Мектеп асханасында тамақтануды жалға алушы жеке кәсіпкер ұйымдастырады. 18 наурыздан бастап мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді»,– делінген ресми мәлімдемеде.

Аудандық ішкі істер бөлімі оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу басталды.

Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себебін зерттеу үшін арнайы комиссия құрды.