Білім министрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жері тарылғанын растады
Білім министрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жері тарылғанын растады
217
оқылды

Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп жазды inform.kz.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактілерді тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды», – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, осыған байланысты жер учаскелерін басқару бөлігінде ҚазҰУ қызметін толыққанды зерттеу мақсатында министрлік кешенді тексеру жүргізуді көздеген. «Бірақ биыл наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап ҚазҰУ-ға жаңа басшылық тағайындағанын атап өткен жөн», – деді министр.

Бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанында ғимарат салып жатқан компания өкілдерінің жауабын жариялаған болатынбыз.