Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
5,104
оқылды
"Қазгидромет" РМК  20-21 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қара теңіз үстінде қалыптасқан циклон 20-21 наурызда Қазақстанның ауа райын анықтайды. Көптеген облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады және ауа температурасының жоғарылауы байқалады. Алайда қыс берілгісі келмейді және кезекті антициклон біздің аумаққа батыстан ауысады. Бұл көктайғақтың пайда болуын әкелсе де, температураның айтарлықтай төмендеуіне әкелмейді», – делінген хабарламада.