Алматыда «Барахолкада» өрт шықты

Алматыда «Барахолкада» өрт шықты

Алматы қаласындағы «Байсат» базарынан өрт шықты,– деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрт сөндіру қызметі сағат 14:51-де «Байсат» базарына (Жетісу ауданы, Солтүстік айналма жол, 7)  шұғыл жетіп, бірнеше контейнердің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру қызметінің төтенше жағдай болған жерге жетуіне көліктер кедергі жасаған. Сондықтан сағат 14:54-те өрт сөндіру техникасының өрт шыққан жерге өтуін қамтамасыз ететін "109" құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді. ТЖД баспасөз қызметі жергілікті уақыт бойынша сағат 15:53-те өрт сөндірілгенін хабарлады.