ҰҚК аса қауіпті қылмыскерлерді ұстады
ҰҚК аса қауіпті қылмыскерлерді ұстады
143
оқылды

11 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «А» арнайы мақсаттағы қызметін қатыстырумен аса қауіпті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тексеру барысында 2020 жылғы қазан-қарашада қылмыскерлер Ақтөбе қаласына Беларусь және Қазақстан кәсіпкерлерін алдап шақырып, психологиялық және күшпен қысым көрсету арқылы бизнесмендердің 87 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иеленгені анықталды.

Бұдан әрі 2021 жылғы ақпанда Мәскеу қаласынан бизнесменді – ірі инвестициялық компанияның басшысын Ақтөбе қаласына шақырып, осыған ұқсас жолмен 500 мың АҚШ долларын иемденуді жоспарлаған.

Топ жетекшісі – Қазақстан азаматы және топтың 4 белсенді мүшесі – Ресей Федерациясының азаматтары ұсталды.

Тінту барысында 3 Калашников автоматы, электршокерлер, бетперделер, банк карталары, ұялы телефондар мен қылмыс жасаудың басқа да құралдар-жабдықтары тәркіленді.

ТҰҚТ мүшелеріне қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

https://www.youtube.com/watch?v=VS843Y6PVqk&t=2s