Атбасарда сотталған студенттер Наурыз көже пісірді
Атбасарда сотталған студенттер Наурыз көже пісірді
162
оқылды
Ақмола облысының Атбасар ауданында сотталған студенттер Наурыз көже мен бауырсақ пісірді. Мерекелік дастархан әзірлеген сотталушы аспаз студенттер осылайша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады,– деп хабарлады Aikyn.kz порталының тілшісі. Болашақ аспаз студенттер кезінде ойнақтап жүріп от басқан қателіктері үшін қазір жазасын түзету колониясында өтеуде. Дегенмен олар барынша қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген қылмыстық атқару жүйесінің ЕЦ166/4 түзету мекемесінің жанындағы кәсіби колледжде білім алуда.
«Қазақ халқы ежелден өзінің қонақжайлығымен танымал. Мерекеге орай мерекелік үстелдер ұлттық тамақтарға толды. Өндірістік оқыту шебері Светлана Маметбақованың басшылығымен «қылмыскер-студенттер» ет асып, тәтті чак-чак, бауырсақ және жент сияқты тамақтар әзірледі», – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.
Сотталған студенттер мен колледж ұжымы барша қазақстандықтарды алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, денсаулық және молшылық тіледі.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы