Дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
237
оқылды
Жылыой ауданына қарасты Қосшағыл ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Nur Otan партиясы Жылыой аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қосшағыл ауылдық округінің медициналық амбулаториясының дәрігері Калима Сисенбайқызы ауызша өтініш білдірген болатын. Айтуынша, ауылдағы дәрігерлік амбулатория ғимаратында мемлекет тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, жуынатын және әжетхана бөлмелері сол ескі қалпында тұрған. Қызметкерлерге жағдай жасалынбағанын айтып, ұсыныс білдірген болатын.
Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, медициналық қызметтің сапасын арттыру, ауыл дәрігерлерінің қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша партия филиалы аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Мұхтар Айтқұловқа ұсыныс білдірді. Нәтижесінде, аталған мәселе қаралып, демеушілік қолдаумен жуынатын бөлмеге жаңадан дәретхана, шұңғылша, су жылытқыш  және душ кабинасы орнатылды. Осылайша, мәселе оң шешімін тапты. Шалғай ауылдағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлері жайлы жағдай жасап берген партия филиалына, нұротандық депутатқа алғыс білдірді.