Жарамсыз көпір жөнделді
Жарамсыз көпір жөнделді
Сарыағаш қаласының тұрғындары Nur Otan  партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сарыағаш бастауыш партия ұйымына Абай ауылындағы Қаскент арнасы көпіріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы  өтініш білдірді. Өйткені көпір жарамсыз болған. Осыдан кейін  Nur Otan  партиясы Сарыағаш аудандық филиалы Сарыағаш бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Қаскент арнасы көпірі кәсіпкерлердің қолдауымен қалпына келтірілді. Тұрғындар кәсіпкерлердің игі ісіне риза болып, алғыс білдірді.