8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Елімізде 8 өңірде  қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Елордада қар жауады. Түнде температура: -1-3°C, күндіз: +2 +4°C. Желдің жыдамдығы – 9-14 м/с. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Атырау облысында тұман, шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысында жел күшейеді. Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 20 м/с. Маңғыстау облысында шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 30 метрге жетеді. Түркістан облысында желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматы облысында тұман, желдің жылдамдығы 30 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында күн бұлтты. Түнде +2+4°C, күндіз +14+16°C. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с, кей жерлерде – 23-28 м/с. Павлодар, Қостанай облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы –15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Қызылорда облысында тұман, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Қостанай облысында тұман және көктайғақ болады.