Иманбек әкімдік сыйлаған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады
Иманбек әкімдік сыйлаған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады
119
оқылды
Грэмми иегері Иманбек Зейкенов туған жері Ақсу қаласына оралып, жастармен кездесті. Кездесуде диджей Мәскеудегі сапардан алған әсерімен және болашақ жоспарларымен бөлісті,– деп хабарлайды Atameken Business. Грэмми сыйлығының иегеріне облыстық және қалалық шенеуніктер шапан жауып құрмет көрсетіп, ақшалай сыйлықтар тарту етті. Ал, диджей Иманбек болса, әкімдік сыйлаған екі млн теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Сондай-ақ, барша отандастарына алғыс білдіріп, Наурыз мерекесімен құттықтады. "Менде заманға сай техника бар, сондықтан ол ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді. Мен ешқайда көшпеймін. Күнде қалаға барып тұрамын. Болашақта музыка саласындамын. Теміржолдан бір жыл бұрын кеткенмін. Әрі қарай музыкамен айналысамын", – дейді Иманбек. https://www.youtube.com/watch?time_continue=8&v=KEYfbsOylB8&feature=emb_title