БҚО тұрғыны алаяққа сеніп, 1 млн теңгесінен айырылды

БҚО тұрғыны алаяққа сеніп, 1 млн теңгесінен айырылды

Батыс Қазақстан облысында алаяққа сенген тұрғын 1 млн теңгесінен айырылып қалды,– деп хабарлайды облыстық  полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ақсай қаласында тұратын әйел 53 жастағы тұрғынға Whatsapp мессенджері арқылы ақшасын көбейтіп беремін деп, уәде берген. Ақыры оның 1 млн теңгесін жымқырып кеткен. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 35 жастағы әйел ұсталды. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.