WhatsApp пен Instagram желісі жұмыс істемей қалды

WhatsApp пен Instagram желісі жұмыс істемей қалды

Қазақстан аумағында WhatsApp пен Instagram желілері істемей қалды.  Downdetector мәліметінше, екі желіге де иелік ететін Facebook-те ғаламдық ақау болған. Желілердегі ақау Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 23:00-де пайда болған. WhatsApp-та қосымшаның мобильді үлгісінде ғана емес, веб-нұсқасында да хабарламалар жіберілмей қалған. Ал Instagram әлеуметтік желісіне смартфондардан да, компьютерлерден де кіру мүмкін емес болды.