Валентина Хальзова финалға өтті

Валентина Хальзова финалға өтті

Бокстан Түркияда өтіп жат­қан халықаралық додада Қа­зақ­стан әйелдер құрамасы са­пынан Валентина Хальзова фи­налға шықты.

Байрақты бәсекеде  75 келіде өнер көрсететін Хальзова жарты­лай фи­налда  Ресей боксшысын қапы қал­дырды. Айта кетерлігі, өзге сал­мақ­тағы саңлақтарымызға финалда жұ­дырықтасу бақыты бұйы­рмады. Мә­селен, 51 келі Ан­гелина Лукас тү­­рік боксшы­сынан, 60 келідегі Вла­­дислава Кухта Ресей спорт­шы­сынан, Рим­ма Волосенко алжирлік қар­­сыласынан  ұтылды. Дегенмен атал­ған отандастарымыз тур­нирдің қо­ла жүлдесіне ие бол­ды. Ал 51 келіде бақ сынаған На­зым Қы­зайбай мен 75 келіде шар­шы алаң­ға шыққан Фариза Шол­тай ши­рек финалда сүрінген еді.

Айбике ЖАНАСЫЛ