Наурыз қарсаңында жаңа туған нәрестелерге ұлттық киім тарту етілді

Наурыз қарсаңында жаңа туған нәрестелерге ұлттық киім тарту етілді

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық орталық ауруханасында Наурыз мейрамына орай нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берді.

Ұлттық киім дүниеге келген 5 сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай табысталды. Сондай-ақ аналарға Наурыз көже таратылды. Бұл шараға аурухана әкімшілігі себепкер болып отыр.

«Екінші баламды осы Аягөз аудандық орталық ауруханасында босанған едім. Бүгін ауруханадан шығарда дәрігерлердің өздері ұлттық киім киіп, балаларымызға ұлттық нақышта безендірілген киімдерін сыйға тартты. Ерекше әсер алып, қуанып қалдық», – дейді Үржар ауданынан келген ана Саяжан Сәрсенғали.