Дүниежүзі бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджерінде ақау пайда болыпты. Бұл жайында Downdetector сервисі мәлімдеді.
Міне, осы мәселесе бойынша көп елдің пайдаланушылары шағымданды. Соның ішінде Қазақстанда WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр. Ал әлемдегі пайдаланушылар Facebook-ке кіре алмағанын, оған қатысты сервистер қолжетімсіз екенін айтып шағымдануда.Олардың мәліметінше, Facebook: 88% қолданушының айтуынша сайтта ақау бар, 11%-ы сервиске кіре алмаған. Instagram: 54% қолданушыда жүктелмеген, 31%-да авторлану проблемасы, 14% веб-нұсқасына қосыла алмаған. WhatsApp: 54% серверге қосыла алмаған, кейбіреулері мессенджердің веб нұсқасына қосыла алмаған немесе авторлану проблемасы.