ШҚО-да шектеу шаралары 2 сәуірге дейін ұзартылды
ШҚО-да шектеу шаралары 2 сәуірге дейін ұзартылды
132
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 2 сәуірге дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 2 сәуірге дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. «Осыған дейін жарық көрген қаулыда «Театрлар мен кинотеатрлардың толтырылуы 30 проценттен аспаған жағдайда бір уақытта 100 адамнан аспауы керек» деп жазылған болатын. Ал бұл құжатта «100 адам» деген сөз алынып тасталды. Яғни, енді театрлар мен кинотеатрлар жалпы сыйымдылығын 30 проценттен асырмай көрермендерді қабылдай алады», – деп түсіндірді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова.