Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы жол апатына түсті (видео)

Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы жол апатына түсті (видео)

Нұр-Сұлтанда бүгін таңертең екі жолаушылар автобусы жол апатына түсті. Бұл жайында елорданың полиция департаменті мәлімдеді.

Автобустың қатысуымен орын алған бірінші жол апаты Тұран даңғылында болған. Қорғалжың тас жолымен даңғылға қарай келе жатқан автобус жарық бағанына соғылған.  Ал бағанның құлауынан екінші бір көлікке зақым келген.

Екінші жол апаты Тілендиев даңғылында болған. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеңіл автокөлікпен соқтығысып, артынша жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Автобус жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген. Осы екі жағдай жердің көктайғақ болуынан екен. Полицейлердің мәліметінше, өткен тәулікте елордада жалпы 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген. [embed]https://youtu.be/QSW5QbSITQ4[/embed]