Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! – Асқар Мамин
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! – Асқар Мамин
165
оқылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Бұл жайында Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл көктемгі мерекені халқымыз жаңа жылдың басы және тіршілік атаулының түрленетін кезі ретінде қастерлейді. Наурыз – адамдардың бойында ең жарқын және ізгі тілектерінің орындалуына үміт ұялатып, кемел келешекке бастайды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Наурыздың ежелгі дәстүрі адамға ең жақсы сезімдерді сыйлап, айналасындағыларға мейірімділікпен көңіл бөлуге, қонақжайлылық танытуға, өзара көмек көрсетуге, табиғатпен үйлесім тауып өмір сүруге жетелейді. Сондықтан Наурыз мейрамы – ұлтына, тілі мен дініне қарамастан, қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің біріне айналды. Барлық қазақстандықтарға жақсылық, амандық-саулық пен өсіп-өркендеу тілеймін! Әр отбасында қуанышты және жарқын күндер көп болсын! Әз- Наурыз халқымызға берекелі ырысын, шуақ нұрын ала келсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!».