Мәскеуде қайтыс болған студент қыздың анасы Президенттен көмек сұрады
Мәскеуде қайтыс болған студент қыздың анасы Президенттен көмек сұрады
121
оқылды

Мәскеуде қайтыс болған студент Томирис Байсафаның анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Ол Мемлекет басшысынан сот ісі әділ қаралуын және алқабилерге жасалуы мүмкін қысымды болдырмауды Ресей тарапына жеткізуді сұрады. Бұл туралы Жанна Ахметова Instgram-да жазды. Жанна Ахметованың сөзінше,  тергеу аяқталып, М. Меджидовтың кінәсі толық дәлелденген екен. Айыптау қорытындысын прокуратура мақұлдады. Мәскеу қаласының Никулин аудандық сотында алдын ала отырыс 2021 жылдың 23 наурызына жоспарланған. "Менің және тергеу тобының пікірінше, судьялар мен алқабилерге қысым жасалуы мүмкін деп алаңдаймыз. Сондықтан біздің және Бас тергеу басқармасының еңбегі еш кетуі мүмкін",– деп жазды Ахметова.