Атырау облысында карантин талаптары күшейтілмейді
Атырау облысында карантин талаптары күшейтілмейді
107
оқылды

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Сондықтан өңірде мейрам күндері карантиндік талаптар күшейтілмейді.

Сауда үйлері мен ашық және жабық базарлар сыйымдылықты 30 пайыздан асырмай жұмысын жалғастырады. Сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, СПА-орталықтар мен бассейндер таңғы 7-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Алайда Наурыз мейрамында ұйымдастырылатын іс-шаралар шектеу ережесі негізінде онлайн өтеді. Соған қарамастан өңірде вакциналау науқаны қарқынды жүруде.

"Қазір бізде 132 адамға бірінші компонент салынды. Оның ішінде 23 медицина қызметкеріне, 13 педагогке, 97 полиция қызметкеріне салынды. Өңірге бұған дейін әкелінген 3 мың вакцинадан 200-дей дозасы қалды. Осы Наурыз мерекесінің алдында аяқтаймыз деген жоспарымыз бар. Бұл вакцина бізге кезең-кезеңімен келіп отырады",-дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.