Елорда әуежайы қалыпты жұмыс кестесіне көшті

Елорда әуежайы қалыпты жұмыс кестесіне көшті

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілген болатын. Күн райының қолайсыздығы мен көктайғақ әуе кемесінің ұшып-қонуына қиындық тудырған. Тіпті 21 рейстің кешіккені тағы бар.

«Метеожағдайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшып шығуы тиіс 9 рейс, ұшып келетін 12 рейс шегерілген. Қарағанды қаласындағы қосымша аэродромға 2 рейс жөнелтілді. Ұшу-қону жолағына сұйық еріткіш құйылды», – дейді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов. Оның айтуынша, шегерілген ұшақтар қайтадан рейске шығуға дайындалып жатыр.

«Қазіргі кезде әуе қозғалысы қалпына келді. Жолақтарды мұздан тазартуда 6 техника жұмыс істеп, арнайы реагент арқылы жолды ретке келтірді», – дейді ол.