Парижде локдаун енгізілді
Парижде локдаун енгізілді
89
оқылды

Бүгін Парижде локдаун басталды. ВВС агенттігінің хабарлауынша, бұл жолғы карантин тым қатаң болмайды екен.

Коронавирустың таралуы бойынша ең күрделі жағдай Парижде қалыптасқан. Қаланың қарқынды терапия бөлімдерінде 1200-ден астам адам жатыр. Бұл пандемияның екінші толқынының шарықтау шегіндегі кезеңінен әлдеқайда көп.

Тұрмысқа қажет емес барлық сауда нүктелері жабылды. Шаштараз қызметі ғана қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал тұрғындарға үйден 10 шақырымнан астам жерге алыстауына тыйым салынды. Мұны бұзған азаматтар ресми және жазбаша түрде түсініктеме жазуы тиіс.