Қытаймен шекарадағы өткізу бекеті уақытша жабылады
Қытаймен шекарадағы өткізу бекеті уақытша жабылады
114
оқылды

21 мен 23 наурыз аралығында Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекеті жұмыс істемейді. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шектеулер Наурыз мейрамына байланысты енгізілген. Сонымен бірге осы күндері адамдар да, көліктер мен жүктер де өткізілмейді. Министрлік тасымалдаушылар мен шекараны өткісі келетіндерден шектеуді ескеріп, өз бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрады.