Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
167
оқылды

Алматы – Өскемен тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тапты.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 наурызда сағат шамамен 16:30-да оңтүстік бағыттағы Алматы – Өскемен тасжолының 89-шы шақырымында болған.  "Лада Ларгус" автомобилінің 57 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай, апатқа ұшырады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде қаза тапты. Ал оның бес жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін шамамен сағат 17-де жолаушылардың бірі алған жарақатының кесірінен көз жұмғаны белгілі болды",– деді полиция өкілі.