"Қармен бірге қауіпті жәндіктер жауып жатыр"
"Қармен бірге қауіпті жәндіктер жауып жатыр"
424
оқылды
Әлеуметтік желілерде адамдарды "қармен бірге жауған жәндіктер" видеосы қатты алаңдатып жатыр. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл табиғи емес құбылыс, сондықтан зиянкестерді жауын-шашынмен бірге ұшақтардан жаудыруы мүмкін. Бұл жағдайға stopfake.kz сайты жауап берген болатын. Біріншіден, аталмыш видеода түсірілімнің уақыты да, орны да көрсетілмеген. Сондай-ақ, автор микроскоппен қарап жатқан жәндіктердің қармен бірге жауғанын көрсететін кадрлар жоқ. Демек, олардың қар жауғаннан кейін жерден табылғанын растау мүмкін емес. Екіншіден, 2019 жылы наурызда Самара облысында, ал 2020 жылы наурызда Башқұртстанда жауын-шашынмен бірге жәндіктер жауғаны туралы хабарланды. Ол кезде ғалымдар қоңыздар аспаннан түсіп, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін деген теорияларды жоққа шығарған болатын. Мамандардың айтуынша, табылған жәндіктер – қар еріген кезде жер бетіне шығатын топырақтың қанатсыз қоңыздары. Олар Альпі мұздықтарында жиі кездеседі. Мұндай қоңыздардың жаппай қаптауы Самара облысына да, Башқұртстанға да тән емес, бұл оқиғалардың осындай резонанс тудырғаны да сондықтан. Сонымен қатар, мамандар мұндай жәндіктер қауіпті емес және зиянкестер болып саналмайтынын атап өтті. Қоңыздарды ұшақтан тастағаны туралы гипотеза химтрейлдер теориясына негізделген болар. Ал оның жалған екендігі әлдеқашан дәлелденген. Дегенмен, оны жақтаушылар ұшақтар әлемдік үкіметтің бұйрығымен қалалар мен елдерге қауіпті болып табылатын химиялық заттарды шашады дегенге әлі де сенеді. Бұған дейін біз қазақстандықтардың ұшып өткен ұшақтардың конденсациялық іздерін және ерекше формадағы бұлттарды шашқан удың іздері деп ойлайтыны туралы жазған болатынбыз.