Әр баланың шотына мұнайдан түскен табыстың бір бөлігі аударылады – Зеленский
Әр баланың шотына мұнайдан түскен табыстың бір бөлігі аударылады – Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский елде экономикалық төлқұжаттың енгізілгенін жариялады. Украинская Правданың хабарлауынша, бұл туралы мемлекет басшысы Facebook-тегі бейне хабарламасында айтқан. "Жақында біз менің сайлау алдыда айтқан уәделерімнің бірін, атап айтқанда украиналықтардың экономикалық төлқұжатын жүзеге асырудың тетігін ұсынамыз. Украинада туған барлық бала 18 жасқа толғанда, Украинаның жер қойнауын пайдалану мен өндіруден қаражат ала алады, олар банктегі жеке депозит шотында жинақталады және кәмелетке толғаннан кейін оны Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады",– деді Владимир Зеленский. 19 наурызда Украина ҰҚК отырысының қорытындысы бойынша 1994 жылдан бері елде жер қойнауын өндіруге берілген барлық рұқсатқа аудит жүргізу туралы шешім қабылданды.