Диетология, педиатрия және сүт өндірісінің сарапшылары әлеуметтік желілерде сүт өнімдеріне қатысты таралып жатқан болжамдарға жауап берді. Себебі ел арасында күнделікті тағам рационынан сүт өнімдерін алып тастау сияқты пікір айтылып жүр. Сондай-ақ ересек адамдардың ағзасында сүттің сіңірілмейтіні туралы да қауесет бар. Ресейлік дәрігер-диетолог, педиатр, балалар диетологы Евгения Соколовская сүт өнімдерінің ересек адамдардың ағзасына зиян екенін жоққа шығарады: «Сүт өнімдерінің әр түрлі жастағы адамдарға маңызы зор. Сүт өнімдерін тұтынудан бас тарту остеопороз ауруының пайда болуына жол береді. Тіпті, ағзаның лактоза мен сүт қантын қабылдамайтын жағдайында да дәрігерлер таза қышқыл сүтті тағамдарға, мысалы йогуртқа алмастыруға кеңес береді. Бұл ағзаның қажетті мөлшерде ақуыз бен кальцийдің сіңіруіне өте қажет», – дейді ол. Сондай-ақ, көпшілік арасында ұзақ мерзімге жарамды сүт пайдасы жайлы күмәнді пікірлер кеңінен таралып келеді. Сарапшының айтуы бойынша, заманауи зауыттарда жоғары деңгейдегі асептика мен өндіріс талаптары орындалған кезде ғана шығарылған сүт пайдалы қасиеттерін сақтай келе, дүкен сөрелерінде 2 аптаға дейінгі мерзімге жарамды болады.
«Ұзақ мерзімге (алты айға дейінгі) жарамды сүт – ультрапастерленген сүт. Ол термо өңдеу мен қаптама арқасында ұзақ сақталады. Бұл сүт өңдеудегі заманауи тәсіл. Сүтті 135-137 °C ысытып, бірден 4-5 °C салқындатады. Сол кезде бактериялар жойылады, бірақ 2-4 секундтық өңдеудің арқасында сүттің пайдалы қасиеттері (ақуыз, көмірсулар, кальций) сақталады», – дейді диетолог.Қазақстан Сүт Одағының оңтүстік аймағы бойынша ресми өкілі Дінмұхамед Айсаутов қазақстандық тұтынушыларға сапасы күмән келтіретін базарлар мен дүңгіршектерде сатылатын жеке қожалықтардың сүтін пайдалану қауіпті екенін ескертеді:
«Супермаркет сөрелеріндегі сүт өнімдері шикізат сапасы мемлекеттік және ішкі қадағалау мекемелерінің бақылауынан өткен жеке шаруа қожалықтарынан алынған зауыт-фабрикалардан жеткізіледі. Жеке қожалықтардан алынатын сүт құрамында кездесіп қалатын патогенді бактериялар жоғары стандартты және азық-түлік қауіпсіздігі сақталған ірі сүт өндіруші мекемелерінен алынатын сүтте болмайды. Базар мен дүңгіршектерде сатылатын сүт өнімдерінде адам өміріне қауіпті, құрамында денсаулыққа кері әсерін тигізетін патогенді микрофлора және антибиотиктер кездесуі мүмкін», – дейді ол.Тұмар Мырза