Turkistan телеарнасы жұмысын бастады
Turkistan телеарнасы жұмысын бастады
Бүгін, Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесі күнінде түркістандықтар үшін ең жағымды таңғы жаңалықтың бірі – болашақта түркілерге ортақ болатын жаңа телеарнаның ашылуы болды. Таңғы 7:00-ден бастап Turkistan телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы көрерменге жол тартты. Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз қарсаңында эфир тарата бастаған жаңа арнаның ашылуына куә болған жұрт түрлі бағдарламаларды тамашалап отыр. [caption id="attachment_121738" align="aligncenter" width="1280"]Turkistan телеарнасы Фото: Тельман Бейсенов[/caption] Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған халықаралық Turkistan телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде үш тілде хабар тарататын арна болмақ. Телеарна күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын көрермен назарына ұсынады. Атап айтқанда, Salem таңғы ақпараттық, ойын-сауық бағдарламасы, Turkistan times жаңалықтар топтамасы, «Ғибрат», «Әпсана», «Жан сарайы», «Бетперде» секілді бағдарламалар да көрерменін күтеді. [caption id="attachment_121739" align="aligncenter" width="1280"]Turkistan телеарнасы Фото: Тельман Бейсенов[/caption] Turkistan телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.