Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Алмасадам Сатқалиев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды
367
оқылды

Әлеуметтік желіде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшысы Ахметжан Есімовтің жұмыстан босатылғаны туралы хабар тарады. Алайда компания ресми мәлімет таратпады.

Telegram желісіндегі Yedilov online арнасында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Алмасадам Сатқалиевтің тағайындалғаны хабарланды. Алмасадам Сатқалиев бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы қызметін атқарған. Самұрық-Қазына Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығына 2017 жылдың желтоқсан айында келген. Ол оған дейін «Астана ЭКСПО- 2017» ұлттық компаниясын» басқарған. Сондай-ақ Алматы қаласының әкімі, Ауыл шаруашылығы министрі болған.