Шарм-әл-Шейхтен келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды
Шарм-әл-Шейхтен келген алты қазақстандықтан коронавирус анықталды
136
оқылды
Мысырдың Шарм-әл-Шейх қаласынан келген алты адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Комитеттің мәліметінше, 19 наурызда 412 қазақстандықтың ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасы болмаған.
20 наурызда Қазақстанға 36 халықаралық әуе рейсі келген. Оның ішінде, Мальдив аралдары, Мысыр, БАӘ, Түркия, Грузия, Германия, Украина, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан бар. Ұшақ бортында 4521 жолаушы отырған. Оның 400-інде анықтама болмаған. Олар тест тапсырды, қазір карантин стационарында жатыр. 20 наурызда ұшып келгендер:
  • Алматыда – 18 рейс, 2276 жолаушы, анықтамасы бар – 2145, анықтамасы жоқ – 131;
  • Нұр-Сұлтанға – бес рейс, 647 жолаушы, анықтамасы бар – 603, анықтамасы жоқ-44;
  • Шымкентке – тоғыз рейс, 948 жолаушы, анықтамасы бар –787, анықтамасы жоқ –161;
  • Ақтөбеге – екі рейс, 348 жолаушы, анықтамасы бар – 311, анықтамасы жоқ – 37;
  • Ақтауға – бір рейс, 148 жолаушы, барлығы анықтамамен;
  • Атырауда – бір рейс, 154 жолаушы, анықтамасы бар – 127, анықтамасы жоқ – 27.