Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапқа тартты
Фото: Интернеттен алынды
5,206
оқылды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.