Атырауда театр актрисасы жол апатынан көз жұмды
Атырауда театр актрисасы жол апатынан көз жұмды
186
оқылды
Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тас жолында апатқа ұшырады, - деп хабарлайды ktk.kz. Қайғылы оқиға 19 наурыз күні Атырау-Доссор тасжолында болған. Газель мен ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысып, салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ол 1997 жылы туған театр актрисасы.  Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Апат салдарынан қайтыс болған талантты актриса Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы болған. "Алғашқы махаббат", "Үйлену оңай", "Дабыл", "Клеопатра", "Желтоқсанның бір түні" атты және тағы басқа да қойылымдарда рөл сомдаған.