Спортшымыз әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды
Спортшымыз әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды
Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. Бүгін стенд атудан "скит" бағдарламасы бойынша қазақстандық Зоя Кравченко күміс медаль жеңіп алды. Кравченко финалда ұлыбританиялық Эмбер Хиллден ұтылды. Ал қола медальды Үндістан спортшысы иеленген.
"Бұл - менің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы медалім. Қуанышымда шек жоқ. Жарысқа қатысушылардың бәрі де үлкен дайындықпен келген. Сондықтан маған оңай болған жоқ. Әлем кубогіне дайындалатын уақыт аз болды. Сондықтан, мен турнир барысында өзімді жетілдіре түстім. Күні бойы жарыс алаңында жүргендіктен, шаршағаным байқалады. Десе де, медаль алғаныма қуаныштымын", – дейді Кравченко. 
Нью-Делидегі әлем кубогі кезеңі 29 наурызға дейін жалғасады.