«Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
«Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
190
оқылды
Бүгін «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасы аясында бірқатар өңірде аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті. Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Шымкент қаласында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Ведомствоның хабарлауынша, акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақ пен аллеялары тазартылды.  width= Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды. Оған еріктілер, экобелсенділер, қоғам белсенділері де қатысты. Қатысушылар саны шамамен 60 мың адамды құрады. Бұл 5 мыңнан астам волонтер, 13 мыңнан астам мемлекеттік органдардың өкілдері, 37 мыңнан астам азамат. Акция барысында 675 гектар жер тазартылды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. 150 тоннадан астам шыны, 181 тонна пластик, 99 тонна резеңке, 208 тонна қағаз бен картон, 107 тонна металл тапсырылды.  width= Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза табиғат» ұлттық жобасы бастау алды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар өңірлерде ағаш отырғызу, бұлақтар мен су айдындарын, аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізді.