Сайысқа 6 бойжеткен қатысқан (Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Башқұртстаннан). Aikyn.kz бұл туралы «Татар-информға» сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық ару Карина Кабдуллина байқау тәжін кисе, өзбекстандық Юлия Ким бірінші вице-мисс атанды. Қырғыз Республикасынан қатысқан Диана Зулпуева екінші вице-мисс атағына ие болды. Татарстан Республикасы атынан қатысқан Камила Равилова «Мерекенің нәзік сұлуы», тәжікстандық Сабрина Борзова «Ең теңдессіз», башқұртстандық Яна Анварова «Көрермен көзайымы» болды.
Қатысушылар мен көрермендерді Татарстан мәдениет министрінің орынбасары Дамир Натфуллин құттықтап, ақ тілегін арнады. «Ана тілдер және халық бірлігі жылы болып жарияланған осы жылы ұлттық мерекелер ерекше маңызды, оның маңызы да арта түсті», – деді ол.