Бір аяғынан айырылған Теміртау тұрғыны полицейлерге алғыс айтты
Бір аяғынан айырылған Теміртау тұрғыны полицейлерге алғыс айтты
Құрылыста жұмыс істеп, тоқыма тоқып, екі баласын асырап жүрген Теміртау тұрғыны Жанна Бакенова иірімжіп, азық-түлік сыйлаған азаматтарға, жуынатын бөлмесін жөндеп берген полицейлерге алғыс айтты. Ол жуынатын бөлмесінің қолайлы болғанын бұрыннан армандаған.
 «Халық қаржылай көмектесті, иірімжіп сыйлады, азық-түлік әкелді. Сондай-ақ Қарағанды-Сортировочная стансасындағы полиция желілік бөлімінің басшылығына алғыс айтқым келеді. Олар келіп, маған қандай көмек керегін сұрады. Жұмысшылар келіп, жуынатын бөлмені жөндеп берді», – дейді ол.
Көлік полицейлері Жанна Бакенованың жағдайын естіген соң, жалақыларынан қажетті ақшаны жинап, жұмысшылар жалдап, тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген. Жанна Бакенова туғаннан балалар үйінде өскен. 2010 жыл оның есінен кетпейді.  Осы жылы жолдан өтіп бара жатқанда аяғын автобус басып кеткен. Зақымданған аяғымен 8 жыл алысып, ақырында дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды. полицей
                                                                           Фото: Жанна Бакенованың жеке мұрағатынан