Қытай ғалымы мұнай жер бетінен қашан жойылатынын айтты
Қытай ғалымы мұнай жер бетінен қашан жойылатынын айтты
157
оқылды
Адамның белсенді экономикалық қызметіне байланысты Жердегі энергия ресурстары, оның ішінде мұнай жарты ғасырдан кейін жоғалып кетуі мүмкін. ҚХР Оңтүстік технологиялық университетінің президенті және Қытай Ғылым академиясының мүшесі Сюэ Цикун осындай тұжырым жасады, – деп хабарлайды life.ru. Маманның айтуынша, соңғы 250 жыл ішінде қазбалы энергия көздерін өндірудің артуына байланысты әлем үш өнеркәсіптік революцияны бастан өткерді. Ғалым осы фактіні, сондай-ақ, әлемдік экономиканың жағдайын ескере отырып, барлық қазба ресурсы 50 жылдан кейін аяқталады деп болжады. Ол алдағы 50 жылда адамға балама ресурстарды іздеуге тура келетінін атап өтті. Мысалы, күн энергиясы. Сарапшының пікірінше, күн энергиясының таусылуы мүмкін емес дүние. Сонымен қатар, көмір мен табиғи газды сутегі отынымен алмастыруға болады дейді ғалым