Данияр Алшынов француз сериалының басты рөліне бекітілді
Данияр Алшынов француз сериалының басты рөліне бекітілді
195
оқылды
Қазақстандық актерлер Данияр Алшынов пен  Самал Еслямова INFINITI атты француз сериалында ойнайды.
Canal+ француз телеарнасы INFINITI шағын сериалының түсірілімі басталғанын хабарлады.
Түсірілім Қазақстан, Украина және Франция аумағында жүргізіледі. Режиссері –  Тьерри Пуро. Басты рөлдерде француз актрисасы Селин Саллет және қазақстандық актер Данияр Алшынов ойнайды. Сонымен қатар сериалға қазақстандық актриса Самал Еслямова түседі.
Сериал мазмұнына сәйкес, Халықаралық ғарыш стансасы байланысқа шықпай қояды. Ал оның экипажы апатқа ұшырау алдында. Онымен бір мезгілде, Қазақстанда тұрғын үйдің шатырынан америкалық астронавт, Халықаралық ғарыш стансасында болуы тиіс Энтони Курцтың басы жоқ денесі табылады. Ғарыш бағдарламасынан шеттетілген француз астронавты Анна Зарати және қазақстандық полицей Исаак Тұрғын бұл ғажайып парадоксты тергеуге тырысады. 
Данияр Алшынов Исаак Тургун есімді полицейдің рөлін сомдайды.