Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
57
оқылды
«Қазгидромет» РМК 23 наурызда еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жариялады, 23 наурызда Атырау облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі. Ақтөбе облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.  Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 23 наурызда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының оңтүстік-шығысында күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысында кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қарағанды қ.: 23 наурызда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 23-25 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз 23 наурызда найзағай, түнде 24 наурызда көктайғақ күтіледі. 23-25 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.