Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
109
оқылды
Қарағанды ​​облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қайтыс болды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «22 наурыз күні сағат 00:30-да Жезқазған-Сәтпаев тас жолында ВАЗ автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі рульді басақара алмай, жолды бөлгіш қоршауға соғылған. Апат салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды »,– деп хабарлады  Полиция департаментінің  баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.