Атырауда мамандандырылған халыққа қызмет ету орталығында Армениядан әкелінген алғашқы көлік тіркелді. Армениядан әкелінген автокөліктердің тіркелуіне қарсы болып, бірнеше рет жергілікті атқарушы биліктің назарын аударған оқиғаларға қарамастан, шетелдік көлігі барлардың алды жаңа сары нөмер иесі атанып отыр. «Тойота Камри» маркалы автокөлік иесі – 29 жастағы Атырау тұрғыны Аслан Иманғалиев көлігін бір жыл бұрың Армениядан алып келген. Ол елдегі шетелдік көліктерді тіркеу туралы дау-дамайлардың ақыры түбі заңға бағындыратынын ұғып, көлігін заңды тіркеуден өткізуге шешім еткен.
«Сенбі күні де мамандандырылған халыққа қызмет ету орталықтарның жұмыс істей беретіні өте қолайлы. Бұл жерде мемлекеттік баж салығын төледім, маған көлікті ресми түрде рәсімдеді. Құжаттарды рәсімдеу шаралары көп уақыт алған жоқ. Енді менің автокөлігім елде заңды негізде тіркеуде тұр», – дейді Аслан Иманғалиев.«ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікті тіркеу үшін иелері демалыс күнін таңдайды. Бүгін Атырау облыстық мамандандырылған ХҚО-да Армения Республикасынан Қазақстанға әкелінген алғашқы көлік тіркелді. Автокөлік иелеріне қолайлы болуы үшін ЕАЭО елдерінен жеткізілген темір тұлпарларды тіркейтін автоХҚО демалыс күндері де жұмыс істей береді», –деп хабарлады аймақтың Полиция департаменті баспасөз қызметі. Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, АТЫРАУ облысы