Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді
112
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында жарияланды.  Осыған байланысты 19 наурызда Премьер-Министр Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» № 62-ө өкімге қол қойды. Құжатта комиссияның жалпы ережелері, міндеттері, комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі мен құрамы бекітілген.