Дәрігер асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады
Дәрігер асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады
Танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады,– деп хабарлайды РИА Новости

"2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық шұжық өнімін канцерогендер тізіміне енгізді. Сондықтан шұжық канцероген болып есептеледі",– деді Мяснивов "Россия 1" арнасына берген сұхбатында.

Дәрігердің айтуынша, шұжықтың дәмін татуға болады. Бірақ оның құрамында майлар мен тұз өте көп болғандықтан, шұжық денсаулыққа зиянды болып есептеледі. Бұған дейін белгілі эпидемиологтың коронавирусқа қатысты айтқан болжамын жазған болатынбыз.